«Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді

«Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді

2021 жылғы 9 маусым күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға БҚО аудандары әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, БҚО аудандары ішкі саясат басқармаларының басшылары;БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының, "ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті" РММ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша Департаментінің өкілдері, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылары және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

Шара барысында«Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге қатысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулерді іс жүзіне асыру, «Әкімдікке кандидаттардың құжаттарының талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңБҚО бойынша департаментінің аумақтық сайлау комиссияларымен жұмысының алгоритмі», «Әкімдікке кандидаттарға арнайы тексеру жүргізу мәселесі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетініңБҚО бойынша Департаментінің аумақтық сайлау комиссияларымен өзара іс-қимылының тәртібі» туралы баяндамалар оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар сұрақтар қойылып, аталған мәтін бойынша талқылау жұмыстары жүргізіліп, шара соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.