Канададан да жылдам

Канададан да жылдам

Көп жылдан бері Канадада тұратын Қазақстан азаматы Айнұр Әліпқалиева туып-өскен Орал қаласына жиі келіп тұрады. Осы жолы келгенде жеке куәлігі мен төлқұжатын ауыстыру үшін Орал қ. №1 халыққа қызмет көрсету бөліміне жүгінген. Дайын болған құжатын алуға келген Айнұрды бізге тілге тартып, Қазақстан мен Канададағы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті туралы сұрастырып көрдік.

«Канадада құжаттарды қабылдап, дайындайтын арнайы мекеме бар. Қызмет көрсетуі де біркелкі – электрондық кезек, құжаттардың үйге жеткізілуі дегендей. Бірақ мені қуантқаны – Қазақстанда жеке куәлігім мен төлқұжатым 2-3 күнде дайын болды. Ал Канадада аталмыш құжатты үш аптадан екі айға дейін күтуге тура келеді. Мен тек бір аптаға ғана келген едім, жаңа құжаттарымды тез алып үлгердім. Ыждағаттылық пен керемет сервис үшін алғыс айтамын», – деп Айнұр Тихонқызы өз пікірін жеткізді.

Айнұр Тихонқызына өз пікірін білдіргені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз үшін салыстырмалы түрдегі осындай ақпаратты есту қызықты болды.