Сенбі күндері ХҚО-ға кезекке тұру

Сенбі күндері ХҚО-ға кезекке тұру

Қазіргі уақытта карантиндік шектеу шараларына байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде Орал қ. Мамандандырылған ХҚО азаматтарды алдын-ала электрондық брондау арқылы қабылдайды. 

Брондаудың электрондық жүйесі – бұл еліміздің барлық облыстарына бірдей қызмет ететін бірыңғай жүйе. Ал карантиндік шектеу шаралары әр облыста эпидемиологиялық жағдайға қарай әрқалай өзгеріп отырады.

ХҚО-ға кезекті электронды түрде брондау уақыты аталмыш жүйеде сенбі күні сағат 18.20-ға (Нұр-Сұлтан қ. бойынша) дейін деп көрсетілген, ал Бас мемлекеттік санитар-дәрігердің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 8 «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" қаулысына сәйкес ХҚО мен Орал қ. Мамандандырылған ХҚО жұмыс кестесі төмендегідей өзгертілді:

- жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).
- сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).
- жексенбі – демалыс. 

Осыған байланысты сенбі күндері ХҚО немесе Мамандандырылған ХҚО қызметіне жүгінер кезде 1414 немесе 109 байланыс орталықтары (қоңырау шалу тегін) арқылы бөлім жұмысының кестесін нақтылап алуды сұраймыз.

Сондай-ақ, кезекті электронды түрде брондау www.egov.kz Электрондық Үкімет порталы, Telegram  (бот-@kenes1414bot), eGov mobile қосымшасы арқылы,1414 немесе 109 байланыс орталықтарына қоңырау шалу арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.