«Еңбек жолы» конкурсы бойынша ақпарат

«Еңбек жолы» конкурсы бойынша ақпарат

Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық байқауы белгіленді.

 Осыған орай, «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша үміткерлердің өтініштері 2021 жылдың 15 наурыз – 1 маусым айлары аралығында қабылданатынын хабарлайды.

Конкурс туралы толық ақпаратты Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі 91,  8/711-37/ 33-119, 33-166 телефондары арқылы алуға болады.

 

Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік

 бағдарламалар бөлімі