Білім туралы құжаттарды қайта қалпына келтіру

Білім туралы құжаттарды қайта қалпына келтіру

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының  телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар:

🔑Еgov.kz арқылы:

📌Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

📌Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;

📌Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;

📌Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;

📌Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.

Есіңізде болсын❗️

☝️Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.

 

⏰Қызмет көрсету уақыты – 15  жұмыс күні.

 

🔑ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:

📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;

📌ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз;

📍Қажетті құжаттар тізімі:

📎Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;

📎Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары.

 

Есіңізде болсын❗️

☝️ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз.

☝️Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады. 

 

💰Қызмет көрсету құны – тегін.

⏰Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.