ЭЦҚ мерзімін ұзарту

ЭЦҚ мерзімін ұзарту

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында ЭЦҚ мерзімін ұзарту жайында айтатын боламыз. Ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама  келеді.

Ақпаратты тексеру үшін  Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп,  жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.  Одан әрі:

📌Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;

📌«Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін  дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;

📌ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз.

📌Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.

📌Негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

📌 ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

❗️Есіңізде болсын

✔️Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейді;

 ✔️Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс;

✔️ Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

 

☝️Электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңіз, ол адам сіздің дүние-мүлкіңізге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады❗️