Шыңғырлау ауданына Ғарифолла Құрманғалиев атындағы академиялық облыстық филармониясы жанынан құрылған “Атамекен” халық би ансамблі ұжымы және филармония артистері арнайы келіп, көрермендерге әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынды.
Кеш барысында ұлттық және заманауи билер сахналанып, әсем әндер шырқалып, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнерпаздардың шеберлігі мен сахналық мәдениеті көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Концерт соңында Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев аудан тұрғындары атынан шығармашылық ұжымға алғыс білдіріп, ықылас гүлін табыс етті.
Өнер кеші көрермендерге рухани демалыс сыйлап, мәдени байланысты нығайтқан тағылымды шара болды.