Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Ақшат және Алмаз ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.
Іссапар барысында елді мекендерде орналасқан бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін көрді.
Аудан әкімі шаруашылық иелерімен кездесіп, өндірістік бағыттары, мал басы және алдағы жоспарлары туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, саладағы өзекті мәселелерге назар аударып, тиісті ұсыныстар берді.