Бүгін А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларына "Дүниежүзілік сайлау күніне" арналған "Сайлау құқықтық негіздері" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушыларды сайлаудың құқықтық негіздері, ережелерімен таныстырылды.
Тәрбие сағатының басты мақсаты электоралдық мәдениетті арттыру, мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстардың бірі. Әр деңгейдегі саяси науқандарда Конституциялық құқығымызды пайдалана отырып, өз еркімізді білдіру баршамыздың борышымыз.
Мектеп оқушылары – болашақ сайлаушылар. Олар болашақта жергілікті өзін-өзі басқаруды және азаматтық қоғам институттарын дамыту арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған институционалдық реформаларды іске асыруда белсенді азаматтық ұстаным танытатынына сеніміміз мол.