ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан ұйымдастырылған аудандық ашық турнирдің жабылу салтанаты өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Орал қаласы мен аудан әкімдіктерінен барлығы 10 құрама команда қатысқан болатын.
Турнир қорытындысы бойынша:
🥇орынға Батыс Қазақстан облысы әкімдігі;
🥈орынға Жәнібек ауданы әкімдігі;
🥉орынға Ақжайық ауданы әкімдігі ие болды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шарада үздік ойын көрсеткен ойыншылар жеке номинацияларда марапатталды.