Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. Жиын барысында ауылдық округтерде 2025 жылы атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстардың қорытындылары тыңдалып, 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Ауылдық округ әкімдері инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, ауыз су сапасын жақсарту, абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша атқарылған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар алдағы жылға қойылған негізгі міндеттер мен жоспарланған жобалар таныстырылды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытында орындалуын қамтамасыз етуді, тұрғындармен кері байланысты күшейтуді және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.