ҚОНАҚАЙ КӨЛІНДЕ ҚЫСҚЫ СПОРТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

ҚОНАҚАЙ КӨЛІНДЕ ҚЫСҚЫ СПОРТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
Бүгін ауданымыздың 7 кереметінің бірі саналатын Қонақай көлі жағасында қысқы маусымның ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудан тұрғындары, мекеме басшылары, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарлары қатысты. Бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл іс-шара тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздеді.
Шара аясында облыстық Президенттік көпсайыс ойындарының шаңғы тебу спорты бойынша іріктеу кезеңдері ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айбек Исламбек жиналған жұртшылықты қысқы маусымның ашылуымен құттықтап, қыс мезгілінде белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты айналысуға шақырды.
Шаңғы тебу спорты бойынша өткен жарысқа жасөспірімдер мен аудан тұрғындары қатысып, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Жүлдегерлер арнайы дипломдар мен медальдармен марапатталды.