ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ!

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ!
Шыңғырлау ауданы әкімінің өкіміне сәйкес, Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс тәртібімен Хабибуллиев Айтбек Батырғалиұлы 2026 жылғы 19 қаңтарынан бастап тағайындалды.
Хабибуллиев Айтбек Батырғалиұлы 1995 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Тасмола ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2016 жылы - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Болашақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының есепшісі;
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы;
- Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Отбасылы 1 ұл тәрбилеуде.
Аудан әкімінің аппараты.