
Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен актив жиыны өтті. Жиын барысында жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары таныстырылды.
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Айбек Жаншаұлы Исламбек 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап тағайындалды.
Жиында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жаңа тағайындалған орынбасарға артылар жауапкершіліктің жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Айбек Жаншаұлы Исламбек Батыс Қазақстан облысы Шынғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында 1984 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2005 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы, 2014 жылы - Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясын «Заңгер» магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан соттар әкімшісі Шыңғырлау аудандық сотының маманы, жетекші маманы;
- Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы;
- Орал қалалық маслихаты аппаратының бас маманы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, құқықтық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы, терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;
- Казталов ауданының әкімі аппаратының басшысы;
- Орал қаласы жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысы;
Бүгінгі күнге дейін Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
Отбасылы екі қыз тәрбиелеуде.