АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ
Жаңа жыл мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің дәстүрлі шыршасы өтті.
Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыстады.
Шара барысында дайындалған ойын-сауық бағдарламасы, түрлі қызықты ойындар мен тосын сыйлар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем безендірілген шыршаны айнала ән айтып, би билеген балапандар Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтарын алып, шат-шадыман күйге бөленді.