ҚОРЫТЫНДЫ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚОРЫТЫНДЫ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен кезекті қорытынды актив жиыны өтті.
Жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Алдымен Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Медет Муханов баяндама жасады.
Одан кейін коммуналдық желілердің тұрақты жұмысы мен демалыс күндеріндегі кезекшілікті ұйымдастыру мәселелері бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірхан Байғалиев ақпарат берді.
Сондай-ақ аудан аумағында мал қыстату науқанының өту барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Елдос Оразғалиев баяндады.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, алдағы жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.