Бүгін Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша жылдың үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларды, жаттықтырушыларды және сала мамандарын жарқын жетістіктерімен құттықтады.
Өз сөзінде аудан әкімі:
«Спорт – денсаулықтың кепілі ғана емес, елдің мерейін асыратын маңызды сала. Биылғы жылы аудан спортшылары облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Шыңғырлау ауданының абыройын асқақтатты. Бұл – жүйелі еңбектің, табандылық пен жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының жемісі. Алдағы уақытта да спортты дамытуға барлық қолдау көрсетіледі», – деп атап өтті.
Шара барысында жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар арнайы марапатпен марапатталды.
Сонымен қатар бірқатар спортшыларға БҚО спорт басқармасы басшысының және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.