💡ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

💡ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
🔌Энергетиктер күні – ел экономикасының тірегі саналатын энергетика саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. 👷‍♂️Осы атаулы күнге орай сала ардагерлерін және қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Миржан Нұртазиев кәсіби мерекелерімен құттықтап, көпжылдық адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі және энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлестері үшін марапаттады.
🔗Мерекелік жиында энергетика саласының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы ерекше екені атап өтіліп, тұрғындарды жарықпен, жылумен және тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі мамандардың тынымсыз еңбегіне зор алғыс білдірілді. Қыстың қақаған аязы❄️ мен жаздың аптап ыстығына☀️ қарамастан, халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп жүрген энергетиктердің еңбегі – әрдайым құрметке лайық.
🔋Сонымен қатар, сала қызметкерлеріне алдағы уақытта да абыройлы еңбек етіп, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіріліп, жұмыстарына толағай табыс тіледі.