ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабы 3-2-тармағына сәйкес, Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен 2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап Шыңғырлау ауданынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Сисенов Еркебұлан Мирасұлы конкурссыз тағайындалды.
Сисенов Еркебұлан Мирасұлы 1995 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2014 жылы - Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2020 жылы - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Юрисприденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
- «Орал Таза Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшілігі БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық кеңсесінің көлік жүргізушісі;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшілігі Орал қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы;
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «ES ORAL» мекемесінің директоры;
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы КЖ «TTTeaм» құқықтық мәселелер наразылықтарын қорғау маманы;
- Батыс Қазақстан облысы дін істер басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ әкімшілік бөлімінің заңгері, бөлім басшысы;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы;
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
Аудан әкімінің аппараты.