МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде Шыңғырлау ауданындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталу барысы қаралды.
Отырыс барысында аудан әкімі мемлекеттік рәміздердің маңыздылығына тоқталып:
– Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы әрі ажырамас бөлігі. Олар халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, азаматтық бірегейлігін бейнелейді. Сондықтан әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және қадірлеуге міндетті, – деп атап өтті.
Кеңес барысында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша бірқатар мекеме басшылары баяндама жасады.
Жиын соңында төраға мемлекеттік рәміздердің стандарт талаптарына сай болуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін айтып, оларды жаңарту үшін мемлекеттік тапсырыс аясында уақытылы қаржы бөлінуі тиіс екенін атап өтті. Осы бағытта жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.