— Ауылымыздың көркін арттырып, тұрғындардың күнделікті тұрмысына жайлылық сыйлайтын бұл нысанның ашылуы – баршамыз үшін үлкен қуаныш. «Баянсұлу» сауда үйі сапалы әрі сәнді киімдерге деген сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі.
Жаңа сауда үйінің ашылуы ауыл тұрғындары тарапынан жылы қабылданып, келген қонақтар мен тұрғындар «Кисимбетова» жеке кәсіпкерінің басшысы Баянсұлу Бақытжанқызына сәттілік тілеп, игі бастамаға ақжарма тілектерін білдірді.