АБАЙ ҚАЛАУҰЛЫ ҚАБУЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АБАЙ ҚАЛАУҰЛЫ ҚАБУЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Аудандық дене-шынықтыру сауықтыру кешенінде өткен мемлекеттік қызметтің майталманы, жерлесіміз Абай Қалауұлы Қабуловты еске алуға арналған волейбол турнирі өз мәресіне жетті.
Турнирге қатысқан 8 команда тартысты ойындар көрсетіп, жоғары деңгейдегі дайындықтары мен өзара ынтымақтастықтарын танытты.
Спорттық дода барысында Абай Қалауұлының елге сіңірген еңбегі тағы бір мәрте еске алынып, оның жарқын бейнесі құрметпен ұлықталды.
Жарыс нәтижесі бойынша:
🥇I орын – Спорт клуб командасы
🥈II орын – Алмаз ауылы командасы
🥉III орын – БЖСМ командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктар және марапаттармен қадірленді.
Шараға Абай Қалауұлының жақындары, әріптестері және замандастары қатысып, турнирдің маңызын атап өтті.
Осындай игі шаралар қоғамда бірлік пен құрметтің жоғары екенін көрсетеді.