Бүгін Ащысай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылында ауқымды абаттандыру және көгалдандыру шарасы өтті.
Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған бұл игі іс аясында 2400 түп ағаш отырғызылды.
Игі шараға аудандық мекемелер және жергілікті тұрғындар белсене қатысты.
Көгалдандыру жұмыстары ауыл маңында жүргізіліп, жергілікті климатқа төзімді ағаш түрлері таңдап алынды.
Осындай ауқымды шаралар ауылдың келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыра түсетіні анық.