Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев “Жаңа жер” шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Аталған шаруашылық қазіргі таңда суармалы егістік алқабын игеру жұмыстарын қолға алып отыр. Қожалық Қытай Халық Республикасының “DEBOND” компаниясының суармалы егістікке арналған арнайы құрал-жабдықтарын орнатып, оларға қажетті инфрақұрылымдық желілерді тарту жұмыстарын жүргізуде.
Аталған инвестициялық жобаны жүзеге асырып отырған шаруа қожалықтың басшылығының айтуынша аталмыш жаңа технология келер жылы толық қуатында іске қосылып, айналымға енгізілетінін атап өтті.
Өз кезегінде аудан басшысы суармалы жерлерді айналымға енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен мүмкіндіктер туралы айтты.