31- қазан күні республика бойынша «Халық заңгері» акциясы өтті. Аталмыш шараның негізгі мақсаты- халыққа тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Акция аудан орталығындағы «AMANAT» партиясы ғимаратында ұйымдастырылып, аудан прокруатурасы сот, полиция, нотариат қызметі мен мемлекеттік мекемелер, сала мамандары қатысты. Акция талаптарында көрсетілгендей ауданның бірқатар тұрғындары өздерін мазалап жүрген мәселелерге қатысты, соның ішінде тұрғын үй салуға жер телімін алу, алимент өндіру және сот орындаушы көмегіне жүгіну, қартайған ата- ана алдындағы балаларының міндеті мен мұрагерлік мәселелері туралы кеңестер алды.
Шараны ұйымдастырушы аудандық прокруратура басшылығы.