Бүгін аудандық “Дән” мәдениет үйінде 29 қазан – Кәсіпкерлер күніне орай мерекелік шара өтті.
Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сөз сөйлеп, биыл алғаш рет ресми түрде аталып өтіп отырған бұл мерекенің маңыздылығына тоқталып, аудан кәсіпкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік жиында бірқатар аудан кәсіпкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, мереке аясында аудан кәсіпкерлері орталық саябақта шырша тұқымдас ағаш көшеттерін отырғызып, ауданның көркі мен экологиялық тазалығына өз үлестерін қосты. Аталған игі іске аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев те қатысып, барлығы 15 түп қарағай көшеті отырғызылды.
Бұл шараның жалғасатыны және алдағы уақытта осы аумақтың «Кәсіпкерлер аллеясына» айналуы жоспарланып отырғаны атап өтілді.