ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Эльмира Ибрагимовнаны қабылдады.
Өздеріңізге белгілі Астана қаласында өткен «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде біздің ауданның ұстазы, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі — Сапашева Эльмира Ибрагимовна үздік деп танылды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің озық ұстаздарын жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілеп, «Үздік педагог» куәлігі, кәсіби төсбелгі және 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы табыстаған болатын.
Осыған байланысты аудан әкімі ұстазды лайықты жеңісімен құттықтап, ауданның білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Эльмира Ибрагимовнаның еңбегі – жас ұрпаққа сапалы білім беріп, шәкірттерінің жетістіктері арқылы аудан абыройын арттырудың айқын дәлелі.