ЖЕРЛЕС АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖЕРЛЕС АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
🗓️ Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев 1 қазан – Қарттар күні мен ауданымызда бастау алған қайырымдылық айы аясындағы шаралардың жалғасы ретінде облыс орталығында тұратын жерлес ардагерлермен кездесті.
Бұл басқосуға кезінде ауданымыздың әлеуметтік, мәдени, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек еткен бір топ ардагер қатысты.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа жобалардың жүзеге асырылуы, ауылдарды абаттандыру, жол және инженерлік инфрақұрылымның жағдайы сияқты маңызды бағыттар талқыланды. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жерлестерге соңғы жылдары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарлар мен бастамалар туралы да айтып өтті.
🤝 Еркін форматта өткен жүздесуде ардагерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, туған жерге деген ыстық ықыластарын жеткізді.
Олар ауданның даму қарқынына ризашылық білдіріп, елді мекендердің келбеті мен халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы игі істерге сәттілік тіледі.
🌟 Сондай-ақ, кездесу барысында әр жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі қызметін атқарған Амангелді Баянов пен Амангелді Дәулетжановқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтау хаттары табысталды.
Жылы жүздесуге толы бұл басқосу ардагерлердің өмірлік тәжірибесін бағалауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және туған жермен байланысын тереңдетуге зор үлес қосты.