Бүгін, 25 қазан – Республика күні қарсаңында, Шыңғырлау ауданына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов жұмыс сапарымен келіп, Сегізсай ауылындағы су құбырының салтанатты ашылуына қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде “Мемлекет басшысының ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасының аудан көлемінде тиімді жүзеге асып жатқанын” атап өтті.
Ауыл тұрғындары көптен күткен таза ауыз суға қол жеткізіп, ризашылықтарын білдірді
Жоба «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Құны – 338 млн теңге.
Құрылысты сапалы әрі уақытылы орындаған «ҚұрылысГаз» ЖШС ұжымы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Биыл Шыңғырлау ауданында Аққұдық, Қайынды, Ұрысай, Қотантал және Ақсоғым ауылдарында да кешенді блок-модульдер орнатылып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды.
Нәтижесінде аудан халқының ауыз сумен қамтылу деңгейі 100%-ға жетті
Шара соңында ауыл тұрғындарына аудан көркемөнерпаздары мерекелік концерттік бағдарлама тарту етті