АУДАН ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жұмыс сапарымен Шыңғырлау және Ащысай ауылдық округтеріне қарасты бірқатар елді мекендерге барды.
Сапар барысында аудан басшысы егін шаруашылығы жұмыстарымен танысты.
Ащысай ауылдық округіндегі «Жаңа Жер» ШҚ-ның 2026 жылғы өнімге егілген күздік дәнді дақылдарының шығуымен және жүріп жатқан күзгі далалық жұмыстарымен және «Амангелді Агро» ЖШС-нің күнбағыс жинау және күзгі дала жұмыстарымен танысты.
Одан әрі Шыңғырлау ауылдық округіндегі «Сапашев» ШҚ-ның күздік дәнді дақылдарының шығуымен және мақсары жинау жұмыстарында болып өтті.
Аудан әкімі сапар барысында шаруа қожалықтарының иелерімен және жауапты сала мамандарымен кездесіп, пікір алмасты.
Ол ауыл еңбеккерлерінің еңбегін ерекше атап өтіп, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланудың маңыздылығын айтты.