ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 41-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарының 18-тармағына сәйкес, Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен 2025 жылғы 17 қыркүйегінен бастап Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Бисембаев Азамат Тәңірбергенұлы тағайындалды.
Бисембаев Азамат Тәңірбергенұлы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1999 жыл - Батыс-Қазақстан аграрлық университеті «АӨК экономикасы мен менеджменті» мамандығы, 2019 жыл - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, бас маман-аппарат жетекшісі;
- Батыс Қазақстан облысы «Батыс Экспресс Сервис» ЖШС-і директорының орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен селолық округінің әкімі;
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Бүгінгі күнге дейін Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Отбасылы үш ұл, үш қыз тәрбилеуде.
Аудан әкімінің аппараты.