Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.
Осыған байланысты Шыңғырлау ауданында Жолдауды тыңдауға арналған актив жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімі, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев өз сөзінде:
«Жолдаудағы міндеттердің барлығы ел дамуының басым бағыттарын айқындап, халықтың әл-ауқатын көтеруге және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Жолдаудағы тапсырмаларды сапалы және уақытылы жүзеге асыру – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті.
Президенттің Жолдауында экономика, әлеуметтік саясат, сыртқы саясаттағы басымдықтармен қатар, заманауи технологияларды дамытуға, әсіресе жасанды интеллектті тиімді енгізуге ерекше мән берілді.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару мен бизнес саласында кеңінен қолдану елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті.