ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық Заңына сәйкес, 2025 жылғы 7 қыркүйекте өткен Қарағаш ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды нәтижесі бойынша Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Жумиев Мейрхан Манасұлы 2025 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қарағаш ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жумиев Мейрхан Манасұлы 1987 жылы дүниеге келген, туған жері – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ново-Петровка ауылы.
Білімі - 2008 жыл - Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы «Педагогика және психология» мамандығын тәмамдаған.
2012 жыл - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары:
2008 - 2021 Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қуағаш орта мектебінің педагог-психологі;
2021-2025 Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округінің әкімі;
Бүгінгі күнге дейін Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келді.