ДАУЫС БЕРУ ҚАРҚЫНЫ ҮДЕУДЕ

ДАУЫС БЕРУ ҚАРҚЫНЫ ҮДЕУДЕ
Қарағаш ауылдық округінде бүгін, 7 қыркүйек күні таңғы 7:00-де Қарағаш, Қайыңды және Ақсуат ауылдарындағы 3 сайлау учаскесінде салтанатты түрде әнұран ойнатылып, дауыс беру басталды. Бұл - саяси науқан округ әкімі лауазымы мерзімінің аяқталуына байланысты ұйымдастырылып отыр.
Сайлау процесін ұйымдастыруға Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы және 3 учаскелік сайлау комиссиясынан 15 мүше тартылған. Сайлау өтіп жатырған учаскелер: №412,№413 және №414.
Барлық сайлау учаскелеріне акредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардан байқаушылар, БАҚ және сенім білдірген өкілдер дауыс беру барысын бақылауда.
Сайлаушылар тізіміне Қарағаш ауылы бойынша - 163 сайлаушы енгізілген болса, Қайыңды ауылында – 47 сайлаушы және Ақсуат ауылында 91 сайлаушы енгізілген.
Сағат 10.00.-де Қарағаш ауылында сайлаушылардың – 58 немесе 35,6 %, Қайыңды ауылында – 21 немесе 44,7 % және Ақсуат ауылында – 41 немесе 45 % өз таңдауларын жасап үлгерді. Жалпы округ бойынша 301 сайлаушының 120-сы өз таңдауларын жасап, дауыс беру деңгейі 39,8 % құрап отыр.
Сайлаушылар кешкі 20:00-ге дейін өз таңдауларын жасай алады