📶 ШЫҢҒЫРЛАУДА 4G МОБИЛЬДІК ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ!
Байланыс – бүгінгі күннің басты қажеттіліктерінің бірі.
Халықтың сапалы интернетке деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Шыңғырлау ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай Kcell байланыс операторы аудан орталығы Шыңғырлау ауылын 4G мобильдік интернет желісімен қамтыды.
Бұл – жергілікті тұрғындар үшін жоғары жылдамдықтағы интернетке қолжетімділік, онлайн қызметтер мен қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруға үлкен серпін береді.
Ауданның басқа да ауылдарында байланыс сапасын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар жалғасуда.