Шыңғырлау ауданының әкімі Алмаз ауылының тұрғыны Зәдігерей Ізмұханұлы Нагиевті қабылдап, оны зейнеткерлік демалысқа шығуымен шын жүректен құттықтады.
Зәдігерей Ізмұханұлы — ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек майталмандарының бірі. Ұзақ жылдар бойы ветеринария саласында табанды еңбек етіп, ауыл шаруашылығы мен аудан экономикасының дамуына белсене атсалысты. Кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің арқасында әріптестері мен ауыл тұрғындарының зор құрметіне ие болды.
Аудан басшысы ардақты ардагерге денсаулық, отбасына амандық, бейбіт әрі баянды зейнеткерлік ғұмыр тілеп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
– Сіздің еткен еңбегіңіз – кейінгі ұрпаққа үлгі. Зейнеткерлік – демалыс емес, өмірдің жаңа белесі. Сізге ұзақ ғұмыр, қуаныш пен береке тілейміз, – деді аудан әкімі.