Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев Галина Степановна Волкогонды 60 жасқа толуымен құттықтап, мерейтой иесіне шын жүректен ізгі тілегін білдірді.
Галина Степановна – ауданымыздың ардақты азаматшасы. Ол ұзақ жылдар бойы түрлі салада еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Өзінің еңбекқорлығы мен белсенділігі арқасында халықтың құрметіне бөленіп, аудандық мәслихаттың депутаты ретінде де жауапты қызмет атқарды. Бүгінде аудандық туризм орталығы директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді.
Аудан басшысы мерейтой иесіне денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен табыс тілеп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
– Сіздің өмірлік жолыңыз, еңбекке деген адалдығыңыз – баршаға үлгі. Еңбегіңіз еленіп, мерейтойыңыз мерейіңізді үстем етсін! – деді аудан әкімі.