АҚТАУ ЖӘНЕ АРДАҚ АУЫЛДАРЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТТЕР АШЫЛДЫ.

АҚТАУ ЖӘНЕ АРДАҚ АУЫЛДАРЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТТЕР АШЫЛДЫ.
6 шілде Астана күні және ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ауданымызға қарасты Ақтау және Ардақ ауылдарында жаңа ветеринариялық пункттер ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев пен Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Абзал Серікұлы Бралиев қатысып, ауыл тұрғындарын және сала мамандарын құттықтады.🔧 Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер — «Ақтау» шаруа қожалығы. Қожалық басшысы Рамазанов Ержан Рамазанұлына аудан әкімінің атынан алғысхат табысталды.
✅ Заманауи талаптарға сай салынған бұл нысандар ауыл тұрғындарына сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуге зор мүмкіндік береді.👏 Барша ветеринария саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
#ВетеринарияКүні #АуылДамуы #Ақтау #Ардақ #ЖаңаНысан #БҚО #АуданЖаңалығы