ЕГІН ЖИНАУ МЕН МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ - АУДАН ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНДА

ЕГІН ЖИНАУ МЕН МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ - АУДАН ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНДА
Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев ауданымыздағы бірқатар шаруа қожалықтарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында алғаш болып "Жарас" шаруа қожалығының егіс алқабына барып, егін жинау барысын қарап өтті. Биылғы жылы ауданның *егістік алқабы 47 мың 34 гектарды* құрап отыр. Оның ішінде дәнді-дақылдар 6 064 гектар, майлы дақылдар 5 783 гектар, бір және көпжылдық шөп дақылдары 5 742 гектар, көкөніс, бақша дақылдары 38,3 гектар. Сондай-ақ, өткен жылдары себілген 27 440 гектар көпжылдық шөптер мен 2024 жылдың күзінде себілген 2 509 гектар күздік дақылдарды қоса алғанда. Кейін "Усмағалиев" шаруа қожалығында мал азығын дайындау жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Ауданымыз бойынша биылғы жылға мал азығына қажеттілік 130 мың 246 тонна болса, бүгінгі күні 11,2 пайызы яғни 14 мың 619 тоннасы дайындалды. Жұмыстар барлық елді мекендерде белсенді жүргізілуде.
Кездесу кезінде шаруа қожалықтарының басшыларымен пікір алмасып, олардың ұсыныстарын тыңдады. Аудан әкімі мал азығын дайындау жұмыстарын жеделдетуді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуын тапсырды.