4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ!

4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ!
Аудан жастарының автошеруімен басталған мерекелік күн орталық саябақта мемлекеттік Туды көтеру және арнайы шарамен жалғасып, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев ел дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады.
Марапат иелері қатарында:
• «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері, ауданның Құрметті азаматы Сағынғали Имашев,
• Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған Нұрлан Кұрмашев,
• Аудан әкімінің алғыс хатын иеленген Жұмағұлов Серікбай, Маматов Нұржан, Алтынбек Малтиев, Нұрлыбек Карашев, Асланбек Нұрғалиев және Азамат Калиев бар.
Сонымен қатар, дәстүрлі “Отанды сүю жүректен” патриоттық акциясына белсене қатысқан жастар мен азаматтарға аудан әкімі атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдаламасымен жалғасын тапты.