«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін ауданымызда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы аясында тұрғындарды қабылдау шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Қабылдау барысында тұрғындар түрлі сұрақтарымен, әсіресе тұрғын үй және құрылыс саласына қатысты мәселелерімен жүгінді. Заңгерлер мен мекеме басшылары тарапынан оларға жан-жақты кеңес беріліп, құқықтық бағыт-бағдар көрсетілді.
Бұл акция халық пен заңгерлік қауымдастық арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне ықпал етеді.