ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТҚА АЛҒЫС

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТҚА АЛҒЫС
Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа ұлттық спортты насихаттап жүрген Бекболат Файзуллинді қабылдады.
Бекболат Елубайұлы – ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген, өз ісіне адал, ел болашағына бейжай қарамайтын білікті маман. Әсіресе, аудан балаларына атқа мінудің қыр-сырын үйретіп, ұлттық болмысымызды жаңғырту жолындағы еңбегі ерекше.
Өз кезегінде аудан әкімі атқарған қызметі үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмысына табыс, денсаулық, отбасы амандығы мен береке тіледі.