Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылдың 20 сәуірі күні Ақұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-
бабына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 21 сәуірдегі №29 шешімімен Хамиев Мерлан Сағидоллаұлы 1985 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
2025 жылдың 20 сәуірдегі Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ сайлау округі бойынша Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ақбұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 347 азамат енгізілген, оның – 203 сайлаушы дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мусин К.Б.- 27 (14,8%);
Саркулов Е.М.- 10 (5,5%);
Хамиев М.С.– 146 (79,7%).
Хамиев Мерлан Сағидоллаұлы 1985 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 30 наурыз күні Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
2022 жылдың 22 мамырында Шыңғырлау ауданы Ащысай сайлау округі бойынша Ащысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 4 тармағы 3) тармақшасы, 45 және 113-10- бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде анықтады:
Ащысай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 541 азамат енгізілген, солардың ішінде – 516 сайлаушы дауыс берген.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ж.Г.Айсиев- 360; Т.С.Байгалиев - 1; Н.Г.Кабибуллиев – 138, А.Б.Хабибуллиев - 1 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 3, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 13.
Айсиев Жаскайрат Ганиевич, 1962 жылы туылған, Шыңғырлау аудандық ветеринарлық станциясының директоры, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды, Ащысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
2022 жылдың 9 қазанында Шыңғырлау ауданы Ақтау сайлау округі бойынша Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 4 тармағы 3) тармақшасы, 45 және 113-10- бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде анықтады:
Ақтау сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 279 азамат енгізілген, солардың ішінде – 259 сайлаушы дауыс берген.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.А.Сартов- 15; Р.О.Тасименов - 242; С.Б.Тургалиев – 1 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 1.
Тасименов Руслан Отаргазиевич 1981 жылы туылған, Ақтау ауылдық округінің бас маманы, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды, Ақтау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 4 қаулымен бекітілді
2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау. |
||
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 12 наурыз (14-б. 8-1)-тт, 113-1-б. 1, 3-т.) |
||
2. Сайлау округінің шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 22 наурызынан кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 22 наурызынан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 27 наурызынан кешіктірмей
(17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2025 жылғы 27 наурызынан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. |
||
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылғы 13 наурыздан басталады және 2025 жылғы 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. (113-3-б. 5-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б, 113-2-б, 36-2-б.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктерді беру. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14б. 8-1)т.т, 31-б.)
|
|
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген (113-4-б.)
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың шынайлығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі. |
||
|
Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әр ұсынылған кандидатқа) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезеңі басталғаннан айдың бірінші күніне ұсынылады |
||
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін
(113-5-б. 3-т.) |
|
13. Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
||
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.)
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
||
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
||
|
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 19 сәуірде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. |
||
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 31 наурызға дейін (24 б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 5 сәуірден бастап (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету. |
||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 10 сәуірінен кешіктірмей (18-б. 5)-т.т, 38-б. 2-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 17 сәуірден ерте емес және 2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша 2025 жылғы 20 сәуір сағат 06.00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу. |
||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. |
||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8)-т.т, 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну. |
||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей 2025 жылғы 23 сәуірден кешіктірмей (113-10-б. 1-т) |
|
29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 26 сәуірден кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және әкім мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 26 сәуірінен кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т., 113-11б. 1-т.) |
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылдың 2 наурызы күні Ақшат ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-
бабына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 наурыздағы №12 шешімімен Айшуаков Ерлан Маликович 1971 жылы туған, Ақшат ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалымен ұсынылған, Ақшат ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.
2025 жылдың 2 наурызында Шыңғырлау ауданы Ақшат сайлау округі бойынша Ақшат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 4 тармағы 3) тармақшасы, 45 және 113-10- бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде анықтады:
Ақшат сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 820 азамат енгізілген, солардың ішінде – 610 сайлаушы дауыс берген.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Е.М.Айшуаков- 473; Р.С.Асанов - 48; Х.Т.Ислямкулов – 57 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 14, жарамсыз бюллетеньдер саны - 18.
Айшуаков Ерлан Маликович 1971 жылы туған, Ақшат ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалымен ұсынылған, Ақшат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.