Көктем шыққалы егістікте қарбалас басталса, тіркеме тіркеген техникалардың дыбысына, жылғадан аққан өзен- бұлақтың дауысына дала төскейіндегі мыңғырған малдың төлдері қосылды. Қылышын сүйреткен қыстан кейінгі байтақ даланың ғажайып көріністері осылар. Көк көтеріліп, төлдер алғашқы нәрін алып үлгерді. Көз салсаң маңғаз даланың көктемді құшақ жая қарсы алғанын аңғарасың. Оған қыс бойы қалың қардың түсуі, өзен-көлдерде су деңгейінің жоғарылауы мысал бола алады.Осы орайда Ащысай ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Айсиев бүгін округтегі бір қатар шаруа қожалықтарын аралады. Қазіргі уақытта шаруашылықтарда жаппай төлдеу науқаны өтуде. Ризығын төрт түліктен айырып отырған шаруа қожалық иелері жұмысы тындырымды, әрі мал басын көбейтуге ниетті.Округ әкімі барлық шаруа қожалық басшыларының жұмыстарына сәттілік тілеп сөзді аяқтады.