Күрт еріген қар суы мен жауған жаңбырдан су көбейіп тұрғындардан түскен қоңырау жиілеуде. Ащысай ауылдық округінің әкім аппаратының қызметкерлері бекітілген кестеге сай 24 сағат бойы мүмкіндігінше қоңырау түскен үйлерге барып, аулаларына жиналған суларды арнайы құрылғылармен сорғызып, техникалармен су жолдарын аршып, құм толы қапшықтар жеткізіп тынымсыз еңбектенуде