Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру
Ертен, 2025 жылғы 18 наурыз сағат 10.00-дан 17.30-ға дейін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша интернет-конференция өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.К.Мурзабулатов және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі басшысы М.М.Муратов жауап беретін болады.
Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.