Объектілерді тапсыру мерзімдерін сақтау туралы

Объектілерді тапсыру мерзімдерін сақтау туралы

2022 жылғы 10 қарашада БҚО МСҚБ, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, БҚО құрылыс басқармаларының басшылығымен, БҚО білім басқармасының (тапсырыс берушілердің) өкілінің қатысуымен құрылыс объектілерінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында құрылыс саласындағы заңнама мен құрылыс нормативтерінің талаптары, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзу, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден ауытқу, объектілерді тапсыру мерзімдерінің бұзылуының алдын алу, шығындарды азайту, жұмыстар мен пайдаланылатын материалдардың сапасын сақтау, құрылыс құжаттамасының дұрыс ресімделуін бақылау мәселелері талқыланды. Өзекті мәселелердің бірі орындалатын жұмыстардың сапасы мен мерзімдері болды.