Салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілердің сапасын бақылау мәселесі бойынша жиналыс

Салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілердің сапасын бақылау мәселесі бойынша жиналыс

2022 жылғы 4 тамызда Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы М. Ж. Отарбаевтың төрағалығымен салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілердің сапасын бақылау мәселесі бойынша, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы қызметі және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізілді.