Интернет-конференция

Интернет-конференция

Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру

 

Бүгін, яғни 2022 жылғы 1 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.30-ден 18.30-ға дейін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Басқарма басшысының міндетін атқарушы А.К.Мурзабулатов және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы А.А.Абдрахманова жауап беретін болады.

Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін  таңдап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.