2022 жылдың 8 шілдесінде БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Арба» тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ төрайымы Г.Батпақұловамен кездесті. Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету, вокзалдар мен әуежайларда, медициналық пункттерде, стоматологияларда, жалпы қоғам өмірінің барлық саласында кедергісіз орта құру мәселелері талқыланды. Г. Батпақұлова жүріп-тұруы шектеулі адамдардың қабылданған, салынып жатқан және құрылысы жоспарланған нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.